Жаңалықтар
Атырау қаласында жылына 30 млн бекіре шабағы өсірілмек
Атырауда бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіретін екі балық өсіру зауыты реконструкцияланады.
«Жайық-Каспий және Атырау балық өсіру зауыттарының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Барлық жабдықтар жаңартылып, бөген шаруашылығы кеңейтіледі, құбыр жүйесі алмастырылады. Жаңарту аяқталғаннан кейін екі зауыттың жалпықуаты жылына 30 миллион бекіре шабағын өсіруге жететін болады»,-деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар әлемі комитетінің атқарушы төрағасы Марлен Айнабеков.
Қазіргі уақытта 90 жылдардың ортасында салынған екі зауыттың қуаты-жылына 7 миллион шабақты құрайды.
Әсем Сырғабаева