Жарнама
Жаңалықтар

Атакәсіпті жатсынғандар жер қадірін де білмейді

  Бүгінде жерге қатысты мәселе барлық түйткілді жайттың алдына шықты. Ол да түсінікті. Аталарымыз «жері байдың – елі бай» деп текке айтпаған. Жалпы, жер қадірін, жер сырын қазақтан артық білетін халық кемде-кем шығар. Ен далада сулы жерді дәл тауып, құдық қазатын, шөбіне қарап, төрт түлігін жайғайтын – қазақ.        Сахарада ұшқан құс пен жорытқан аңның сырын білетін де – қазақ. Ендеше, оны жерге қатысты мәселенің соншалықты толғандыруы да заңды. Біздің пайымдауымызша, жерді икемді игерудің екі-ақ жолы бар. Әрине, мұны өз аймағымызға қарап айтып отырмыз. Алдымен, мал шаруашылығына түбегейлі бетбұрыс керек. Сонау жылдары Құрманғазы ауданының төрт ұжымшар, он кеңшарының малы тұрақ еткен қыр мен ойдың бірқатар бөлігі бұл күндері бос жатыр. Ұзақ уақыттан бері оған даланың тағы аңы болмаса, өзге жануардың табаны тиген емес. Жасыратыны жоқ, қазір атакәсіп десе, ат-тонын ала қашатын ұрпақ қалыптасты. Аштан өлуге бар, бірақ мал бағуға жоламайды. Қатты айтуға тура келеді, әке-шешенің табысына ортақтасатын, ата-әжесінің зейнетақысын күтіп жүретін намыссыз ұрпақ қай ауылда да жетерлік. «Ақжонас» өндірістік кәсіпорнының төрағасы М.Шаяхметов жүздескен сайын қой шаруашылығына баратын адам жоқтығына қынжылыс білдіреді. Жағдай «Мақаш» өндірістік кооперативінде де мәз емес. «Құрманғазы» шаруашылығында ғана кешегі шопан, жылқышы мен түйеші ұрпақтары қолдарына құрық ұстап, алдыңғы толқын ісін жалғастыруда. Қайткен күнде де жастардың мал шаруашылығына деген ынтасын арттыру – кезек күттірмейтін міндет. Түрлі жеңілдіктер қарастырып, жастарды қызықтырып, атакәсіпті жандандырған жөн.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button