Ұлы дала елін ұйыстырған керуен

Ұлы дала елін ұйыстырған керуен 2 Жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Атырауда болды

Сейсенбінің кешінде «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясына қатысушы астаналық меймандар мінген пойыз Атырауға келіп тоқтады.

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd-2

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясы еліміздің биылғы басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойға арналған кең көлемді шараларының бірі. Пойыз еліміз бойынша 36 қала, кент, ауылдық округке аялдап, халықпен кездесіп, түрлі мерекелік басқосуларға қатысуды жоспарлаған еді. Атырау облысының аумағына кірген бойда алдымен Мақат стансасына аялдады. Пойыз құрамындағы 272 адамды мақаттықтар қошеметпен қарсы алды. Енді міне, бұл пойыз қазақ мұнайының астанасы – Атырауға да жетті.

Атыраудағы жылы жүздесу

Акция қонақтарын облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева бастаған ресми өкілдер қарсы алды. Делегация мүшелерін ұлттық киім  киінген қыздар ақ дәмдерін ұсынып, қарсы алды. Кимешекті әжелер шашу шашып, мерекелік шара шырайын бишілер мен әншілер әрледі.

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd

Жолаушыларды күту залында делегация өкілдері мен жиналған жұртшылықтың қатысуымен ұйымдастырылған қарсы алу рәсімінде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева сөз алып, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының  Атырау өңіріне келуімен құттықтады.

– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында кең байтақ Қазақстанның аймақтарын аралап, халыққа медициналық, заңгерлік, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және басқа да мәселелер бойынша кең көлемді түсініктер мен маңызды ақпараттарды беру арқылы жұртшылықтың ыстық ризашылығына бөленіп келесіздер. Халық игілігі үшін жасалып жатқан бұл істеріңізге табыстар тілеймін. Атырау жеріне қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар, – деді Айгүл Теміртасқызы.

– Қазақ қашан да өзінің байлығымен, көне тарихымен, жетістігімен, ұлы бабаларымен, баһадүр батырларымен,  қаһарман ұлдарымен, қайсар да өжет қыздарымен мақтанған. Бүгін қойнауы кен-қазынаға толы, тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың негізіне айналған Атырау өлкесіне табан тіредік, – деп бастады өз сөзін пойыз штабының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты,

Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Әміржан Әлпейісов.

– Енді санаулы күннен соң біз бүкіл халқымыз болып Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлаймыз. Егемендік  ата-бабаларымыздың асыл арманы, кешегі Алаш ардақтыларының бізге тастап кеткен  аманаты еді. Бостандықты, еркіндікті аңсап, жерімізді жан-жақтан анталаған жаудан қорғап, жанын қиып, қанын төккен бабалар ұрпағы екенімізді мақтан етеміз. Алтай мен Атырау, Алатау мен Арқа, Сыр мен Ертіс аралығындағы ұлы даланың ұрпақтары бүгінгідей Тәуелсіз Қазақстанда сол бабалардың арман-мақсаттары мен қалдырған аманатын жүзеге асырып, еркін елде, бейбіт тірлікте өмір сүру бақыты бізге бұйырды. Еліміздегі 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар өкілдерімен бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрмыс, ынтымақ, бірлікте өмір кешіп жатырмыз. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, ғұмыры ұзақ, халқымыз аман, еліміз тыныш, мәңгілік бейбіт заман болсын!

Бұдан соң облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева жиналған жұртшылықты делегация өкілдерінің қатысуымен Атыраудағы өндіріс орындары мен мекеме-ұйымдар, оқу орындары мен мәдениет ошақтарында өткізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Пойыз штабының басшысы, профессор Әміржан Әлпейісовтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ұйымдастырылған бұл акцияға республикалық жеті министрлік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниялардың өкілдері қатысуда. Жолсапарға шыққан 22 күнде 36 мың халықтың басын біріктірген жиын өткізілді. Жеті мыңдай адам медициналық жәрдем алды, бес мыңдай азамат өздерінің жеке мәселелері бойынша қабылдауға келіп, олардың 90 пайызының көтерген мәселелері жергілікті жерде өз шешімін тапқан.

– Бұл халық пен биліктің арасындағы байланысты бекітіп, жұртшылықтың болашаққа деген сенімін одан әрі нығайтуға септігін тигізбекші. Ширек ғасыр уақытта жеткен жетістіктерімізге халық риза. Торқалы той алдындағы елдің, жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі. Елбасының жүргізіп отырған сарабдал саясатына өздерінің қанағат сезімдерін де білдіріп жатыр. Ең бастысы, біз қашан да ұлылығымызды дәлелдейтін дәрежеде болдық, бола береміз де, – деді бізбен әңгімесінде пойыз штабының басшысы Әміржан Қайырұлы.

«Қандай  кеңес бересіз?» 

Сәрсенбі күні таңертеңнен Атырау теміржол ауруханасына келушілер қатары әдеттегіден де көбейді.

«Aстана мен Алматының дәрігерлері  қабылдау жүргізеді дегенді естіп ертерек келіп тұрмын. Сырқатыма байланысты кеңес алайын деген оймен» дейді жас шамасы жетпіске келіп қалған апай. Аурухана дәлізінде бір мейірбике келушілерге дәрігердің қай кабинетте қабылдау жүргізіп отырғандығы жөнінде мағлұмат беріп, сырқат жандарды кезекке қойып жатыр.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының құрамында келген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі, дәрігер Зинаида Қызыловадан сұрап білгеніміздей, он екі мамандық бойынша Атырауға он жеті білікті дәрігер келіпті. Олар сырқат жандарды қабылдап, медициналық ақыл-кеңестерін бермекші екен.

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd-4

– Бір байқағаным, бұрынғы жылдарға қарағанда қазір балалардың көз ауруына байланысты кеңес алушылар қатары тым көбейіп тұр. Кеше Мақатта болғанда да соған куә болғанмын.

– Бұған не себеп екен айта аласыз ба?

– Меніңше, қазір екі-үш жастағы баладан бастап ұялы телефонға әуестенушілер көбейді. Таңертеңнен кешке дейін сол телефонды ойыншық ретінде пайдаланады. Бұл – көз жанарының кемуіне апаратын тура жол. Ата-аналарына ұялы телефонның зиянды екендігін айтып жатамыз. Бірақ, бізді тыңдап жатқан олар жоқ, – дейді Зинаида Ивановна.

Пойызбен кардиолог, невропатолог, гематолог, ортопед-травматолог, хирург, онколог, уролог және басқа да мамандықтар бойынша дәрігерлер келіп, күні бойына адамдарға қабылдау жүргізді.

– Қант диабеті сырқатымен ауырғаныма біраз жыл болды. Арнайы есепте тұрамын. Осындағы дәрігерлердің ұдайы бақылауындамын. Бүгін астаналық денсаулық сақшылары келді дегенді естіп, кеңес алғалы келдім, – деген қарт әжені эндокринолог Ақтоты Ильмалиева қабылдады. Науқастың өзімен бірге алып келген сырқат тарихымен танысып, қазіргі жағдайын сұрап білді, тиісті дәрігерлік кеңесін берді.

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd-5

Невролог, медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Митрохиннің қабылдауына келген Ұлан есімді азамат туабіткен кемтар, 1 топтағы мүгедек. Қос балдағын сүйретіп келген жігіттің айтқанына құлақ түріп, зейін қоя тыңдаған Дмитрий Алексеевич Ұланның берген құжаттарына көз жүгіртіп, кеңесін берді. Оны жылы шыраймен шығарып салды.

Келесі кабинеттерде кардиолог Гүлнәр Үдербаева, онколог Серік Менбаев, гематолог Олег Хан, ревматолог Мәрия Әлиева әртүрлі жастағы азаматтарға қабылдау жүргізді. Сырқаттың түр-сипатына қарай бірқатар науқасқа Астана мен Алматыдағы Қазақтың көз аурулары, онкология, кардиология ғылыми-зерттеу институттарына барып, кешенді тексеруден өтуге, сырқаттарын емдетуге кеңес беріп, ұсыныстарын айтты.

– «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының құрамында келген әріптестеріміздің науқастарды қабылдап, кеңес беруіне, алаңсыз жұмыс жасауына ауруханада барлық жағдай ойластырылды. Тиісті медициналық жабдықтар, аппаратуралар жұмыс жасап тұр, – дейді теміржол ауруханасының бас дәрігері Серік Досжанов.

«Қабылдауға жазылып едім…»

«Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға саяси ұйымға үміт артқан азаматтар келді. Акция аясында жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қабылдауына келген азаматтарды штаб басшысы Әміржан Әлпейісов бастаған топ мүшелері қабылдады.

%d2%b1%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d0%b5%d0%bb%d1%96%d0%bd-%d2%b1%d0%b9%d1%8b%d1%81%d1%82%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd-%d0%ba%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd-3

Айгүл Көшеғалиева баспанасы болмағандықтан, үш баласымен әр жерде пәтер жалдауға мәжбүр. 2007 жылы ІІІ топ мүгедегі ретінде пәтер кезегіне тіркелген. Бірақ, кейін ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, бұл топтағы мүгедектер арнайы санатқа жатпайтындықтан кезектен алынып қалған. «Бұрынғы жолдасым мүлдем көмектеспейді. Алимент төлеуге де қауқарсыз. Өзім балалар үйінде тәрбиеленгенмін. Арқасүйер адамым жоқ. «Нұр Отан» далада қалдырмас деп келіп отырмын. Партияның мен секілді мұқтаж жандарға қол ұшын созатынын естіп, көріп жүрмін» – дейді жанарына жас үйірген келіншек. Штаб жетекшісі Әміржан Әлпейісов құзырлы органдарға Айгүл Көшеғалиеваның мәселесін бір апта ішінде шешуге тапсырма берді.

Чернобыль атом электр стансасы апатының зардаптарын жоюға қатысқан Жұмағали Қапашев өзінің «ҚР Жер кодексіне» өзгеріс енгізу керек» деген пікірін жеткізді. Радиация салдарынан  мүгедек болған азамат жер теліміне қолы жетпей жүргенін айтады. Қазір оның сегіз адамнан тұратын отбасы екі бөлмелі пәтерде тұрады. Жер учаскесін алуға 2011 жылы арыз берген. Қалалық жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Руслан Дәулетов оның бұл өтініші кезек ретімен орындалатындығын айтты. Өйткені, қазір жер телімін алуға 2003 жылы арыз бергендердің өтініштері қаралуда. Күні бүгін Атырау қаласы бойынша жер учаскесін алу үшін 70 мың адам кезекте тұрған көрінеді.

Қоғамдық қабылдауға Сарықамыс ықшамауданы тұрғындары атынан Сұлтангерей Елсейітов келді. Ақсақал осында қатынайтын №7, 15 бағыттағы автобустардың қанағаттанғысыз қызметіне шағымданды. «Жолаушылар көлігінің сирек жүруі халыққа едәуір қолайсыздықтар туғызуда» дейді ол. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі бөлімінің сектор меңгерушісі Қуаныш Ибрагимов ақсақалға «жолаушылар тасымалының мәселесін бірінші желтоқсанға дейін шешеміз» деп уәде берді.

Қабылдауға келген атыраулықтардың көкейкесті мәселелерінің  орындалуына ықпал етіп, ұсыныстарын тыңдаған штаб жетекшісі Әміржан Әлпейісов бұдан соң Назарбаев Зияткерлік мектебін аралады. Бүгінде оқу орнында жастар арасында отансүйгіштік пен патриотизмді насихаттауға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Оқушылар қонақтарға тәуелсіздік жылдарында ашқан ғылыми жобаларын көрсетті. Елімізде 25 жыл ішінде атқарылған игі бастамаларды олар сахналық қойылым арқылы  баяндап шықты.

«Сізді не толғандырады?»

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында республикалық Еңбек және әлеуметтік қорғау, көші-қон комитетінің сарапшысы Әсем Тұранова «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуға ниетті мүмкіндігі шектеулі үш азаматтың жер телімін алу, жеке кәсібін ашудың мүмкіндіктері және тағы үш азаматтың өздерінің оралман ретінде мекен-жай бойынша тіркелудегі қиындықтары, Қазақстанның Республикасы азаматтығын алудың өзекті проблема болып тұрғандығын айтты. Қабылдауға келген жандарға заңнамалық тұрғыда тиісті кеңестер берілді.

Бұл күні «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша еліміздің Әділет, Ақпарат және коммуникациялар министрліктерінің өкілдері облыстық әділет департаментінің бөлім басшыларымен бірге халыққа қызмет көрсету орталығында болып, тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Құқықтық акция барысында өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдар бойынша 28 азамат қабылдауға келді. Министрліктер өкілдері – құқықтық қамтамасыз ету басқармасының жетекші маманы Әлібек Есенқұлов, қоғамдық бірлестіктер мен заңды тұлғаларды тіркеуді нормативтік қамтамасыз ету және бақылау басқармасының сарапшысы Қанат Мықтыбаев және басқалар азаматтарға сот шешімдерін орындату, жылжымайтын мүлікті растайтын құжат алу және құжаттарды қалпына келтіру мәселелері мен азаматтық хал актілері бойынша кеңестерін берді.

– Көпшілікті мазалайтын сауалдардың дені жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге, тұрғын үйін заңдастыруға, жоғалған құжаттарын қайта рәсімдеуге, техникалық тексеруден өткізуге байланысты болды. Министрліктің жетекші мамандары қабылдауға келген   азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптарын берді. Барлығы он бес адамды қабылдадық, – дейді Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Ә.Есенқұлов.

Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша кеңес «Caspiy Lana Atyrau» түйе және қой жүнін өңдеу, тоқыма фабрикасында өтті. Сала тауар өндірушілерімен болған кездесу барысында «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ департамент директоры Қазбек Иманқұлов шаруагерлерге ауыл шаруашылығын субсидиялау жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді. Басқосуға қатысқан қожалық жетекшілері өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап та  алды.

Жетістіктің бәрі Тәуелсіздіктің жемісі

Тәуел­сіздік жылдарындағы жетіс­тік­терді көрсету, сол арқы­лы ұлт­тық рухты көтеру, халық­тың бірлігін нығайту, ел дамуы­ның басымдықтары туралы, сондай-ақ, «Мәңгілік ел» патриоттық идеясын насихаттау шаралары облыстық мекемелер мен ұйымдарда, білім беру, мәдениет ошақтарында жалғасты.

«Атырау» қонақ үйінің конференц-залында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Тұңғыш Президент күніне арналған «Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы президенттік институттың рөлі мен маңызы» деген тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, Ассамблея институты мен кафедраларының меңгерушілері,  студенттер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Іс-шара барысында «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің идеясы туралы Астана қалалық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазбек Қазкенов айтып берді.

«Мәңгілік ел» идеясын алға бастырудағы этномәдени бірлестіктердің және жастардың рөліне «Таврос» армян этномәдени бірлестігінің мүшесі Гретта Арутюнян  және «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігі жастар қанатының белсенді мүшесі Вероника Ким тоқталды.

Бұл күні С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжінің студенттеріне «Орта білім беру жүйесін жаңарту және техникалық-кәсіптік білім берудегі басым бағыттар» атты дәрістер оқылды. Ал, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада «Қазақстанның 25 кереметі» атты Тәуелсіздік жылдарындағы Атырау облысының жетістіктері туралы фильм көрсетілді.

Түстен кейін делегация мүшелері Достық үйінде медиаторлармен кездесу өткізіп, жергілікті тұрғындарды қабылдады, өзекті мәселелерін шешу үшін келелі кеңестер берілді.

Сәрсенбінің кешінде «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы республикалық акциясын ұйымдастырушылар қазыналы түбек – Маңғыстауға бағыт алды.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз