Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды (ВИДЕО)


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтті.

Алдымен ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин Қ.Тоқаевтың Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаруға кірісуіне арналған шараның ашық екендігін жария етті. Осыдан кейін бірлескен отырысы өтіп жатқан залға құрметті қарауыл еліміздің туын, Конституциясын әкелді. Келесі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша депутаттардың қошеметімен залға кіріп, жоғары орынға отырды. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев залға кірген ант қабылдайтын тұғырға көтерілді. Мұнан соң Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиге сөз берді.

«Құрметті депутаттар, мен шақырылғандар! Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің конституциялық құқығын және де тарихи миссиясын толықтай іске асырып, Қазақстан Президенті өкілеттігін өз еркімен тоқтатты. Мұндай жағдайда ҚР Конституциясының 48-бабы 1 тармағына сәйкес ҚР Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа көшеді. ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес ҚР Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап қызметіне кіреседі», — деп атап өтті ол.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев оң қолын еліміздің Ата заңына қойып тұрып:

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деді.

Келесі кезекте Мәжіліс төрағасы ҚР Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевқа сөз берді. «ҚР Конституциясының 48-бабына сәйкес, Сізге Президент куәлігін, кеудеге тағатын белгісін және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсыруға рұқсат етіңіз», — деген Б.Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент куәлігін, кеудеге тағатын төс белгісімен және байрағын, «Алтын қыран» орденін тапсырды.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button