Соңғы тіркелген атыраулық алты адамның қауіпті індетті қалай жұқтырғаны белгілі болды

200413110856559e COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/14 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабының хабарлауынша,  барлық науқас бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болған.

Жаңадан анықталған науқастардың арасында  1953 жылғы  әйел мен 1975, 1987, 1989, 1988  және 1980 жылғы бес ер адам  бар.

Қазіргі уақытта алты науқас та инфекциялық стационарға  орналастырылған, оларға  тиісті ем шаралары  жүргізілуде.

Осылайша, Атырау облысында Covid-19 індетіне шалдыққандар  саны 69 адамға жетті.  Ал,  12 жергілікті тұрғын  аталған дерттен жазылып шықты.

«Atr-Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз