Жарнама
Жаңалықтар

Ассамблея бұқараның локомотиві болуы тиіс

Бүгін облыс әкімі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Серік Шәпкеновтің қатысуымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Әдеттегіден ерекшелігі сол, сессияда жергілікті түрлі этностар өкілдерімен пікір алмасу түрінде өтті. Сессия жұмысына төрағалық еткен Серік Жамбылұлы әуелі Қазақстан халқы Ассамблеясының сәуірде өткен ХХХІІ сессиясында республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларының облыста іске асу барысы туралы қысқаша хабарлама жасады.

d6428ffc 2677 4698 9c7c b1805f5a04b9

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының сәуірде Астана қаласында өткен Ассамлея сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында елде көптеген жұмыс жүзеге асты. Атап айтқанда, саяси жүйе жүйелі түрде трансформацияланды, мемлекеттік құрылымның жаңа әрі анағұрлым демократиялық үлгісі қалыптасты. Өзгерістер барысында Ассамблеяға баса мән берілді. Президент Ассамблеяның елімізді саяси тұрғыда жаңғыртып, жалпыұлттық тұтастықты нығайту ісінде маңызды роль атқарғанына назар аударды. Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этносты мемлекеттік дамудың стратегиялық міндеттерін шешу ісіне жұмылдыруға ықпал етті. Мемлекет басшысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде келісім мен бірлік табысты мемлекеттің басты кепілі болып табылатынын атап өтті. Ең бастысы, татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі, — деді Серік Жамбылұлы.

65362f58 f696 4cc0 acf4 91fb6ce0e431

Облыста ұлттар мен ұлыстар арасындағы бірлік пен достықты нығайту үшін жергілікті этномәдени орталықтар ұйымдастырған ұлттық және мемлекеттік мерекелер, сондай-ақ ұлттардың дәстүрлі түрлі шаралары халықты ынтымақ пен татулыққа шақыруға ықпал етті. Оған дәлел ретінде сессияға қатысушылардың назарына Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл атқарған жұмысының қорытындысы туралы бейнеролик ұсынылды.

Бұдан әрі облыс әкімі, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Серік Шәпкенов елдің қоғамдық-саяси өмірінде белсенді әрекет етіп, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқаны үшін барша Ассамблея мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді.

Сессияда Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ассамблея Кеңесінің жаңа құрамдары бекітілді. Сондай-ақ Атырау облысы ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары болып Ассамблея Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев бірауыздан сайланды.

Сессия барысында Атырау облысында қоғамдық-саяси қызметтегі белсенді іс-әрекеттері және бұқара арасындағы достық пен татулықты нығайтуға қосқан үлестері үшін Ассамлея ардагері, орыс, славян, казактар бірлестігі қауымдастығы Атырау облысы филиалының төрағасы Владимир Заверткинге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Алғысхаты, жергілікті этномәдени орталықтардың өкілдері мен сала қызметкерлеріне Атырау облысы әкімінің Алғысхатын облыс әкімі Серік Шәпкенов тапсырды. Ардагерлер арасындағы мерейжас иелерін де арнайы құттықтады.

Соңынан Атырау облысы ҚХА мүшелерімен кең отырып пікір алмасқан Серік Жамбылұлы қоғамдағы түрлі келеңсіздіктердің алдын алу және татулық пен тәртіпті нығайту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін тартудың маңызды орын алатынына тоқталды. Тәрбие жұмыстарын күшейту үшін тек жастар арасында емес, ірі ұжымдарда да тәрбиелік мәні зор ағартушылық шараларын ұйымдастыру, қоғамдағы басқа да маңызды тақырыптардың оң шешімін табуына өмірлік тәжірибесі мол азаматтарды ұлты мен жасына қарамастан белсенді араластыруды өзінің салалық орынбасары Жасұлан Бисембиевке тапсырды.

Суреттерді түсірген Е.Алтыбаев

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button