
Әскери қызметшілер жауынгерлік тумен қоштасты (+ФОТО)
Аtr.kz/29 сәуір, 2019 жыл.«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің босатылуы бойынша жауынгерлік тумен қоштасу рәсімін өткізе отырып, салтанатты іс-шаралар басталды.
Сонымен, Ақтаудағы теңіз жаяу бригадасының 600-ден астам сарбазы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының Бейнеу елдімекеніндегі мерзімдік қызметтегі сарбаздар өздерінің туған жерлеріне жол тартты.


Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді салтанатты шығарып салуды алғашқылардың бірі болып Десанттық-шабуылдау әскерлері өткізді. Қызметтерін адал орындап, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сапалы орындағандары үшін көптеген әскери қызметшілер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал, әскери бөлімдердің командирлері мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері жылы лебіздерін білдірді.


Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қарулы Күштерде ағымдағы жылғы көктемде заңмен белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген 6000-ға жуық әскери қызметші запасқа босатылады. Бір жыл бойы сарбаздар әскери мамандықты игеріп, жауынгерлік даярлықта елеулі нәтижелерге қол жеткізді, бірнеше рет іс жүзінде жоғары жауынгерлік машықтарын паш етті. Босатылатын әскери қызметшілердің арасында республикалық және халықаралық маңызы бар ҚР Қарулы Күштері ауқымындағы іс-шараларды дайындау мен өткізуге белсене қатысқандары да бар.
Рүстем ИГІСІНОВ,
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі, капитан.





