Былтыр ветеринария мамандығына бөлінген 574 грант игерілмеді

radmin news 2020 10 20 201020100925006e w860 h580 Жаңалықтар

Тиісті ақпаратты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Білім басқармасының бас менеджері Бақыт Насырханова айтты, деп жазады inbusiness.kz

«Жыл сайын 825 грант бөлінген. Былтырдан бері 925 грант бөлінді. Ауыл квотасы 5 пайызға артты. Дегенмен, көкейтесті мәселе де бар. Мысалы, мамандар жұмыс істеуге барады, алайда уақыт өте сол жерден кетіп жатады. Оған инфрақұрылымның болмауы себеп болып отыр. Осылайша мемлекеттік тапсырыста оқығандарға грант ақшасын қайтаруға тура келеді. Шаруашылықтардың көбі жеке меншікте. Олар өз кезегінде таныстарын жұмысқа алады. Ветеринария бойынша бөлінген 925 гранттың 574-і игерілмеді. Неге десеңіз, ветеринарияға қызығушылық жоқ», – деді спикер. 

Бақыт Насырханованың сөзінше, жергілікті атқарушы органдар бұл бағытта тиімді жұмыс істеу қажет. 

«Бұдан басқа «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы өте нашар жұмыс істеуде. Бұл бағдарламаны өзектендіру қажет», – деп атап өтті «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Білім басқармасының бас менеджері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз