Ақын Қойшығұл Жылқышиев өмірден озды

632ca65f bc11 4b25 b4f3 303b7130b48a Жаңалықтар

Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев 74 жасында дүниеден өтті.

«Атырау мәдениетінің ақтаңгері Қойшығұл аға жалғаннан өтті! Бетімізден қақпадыңыз, еркелігімізді көтердіңіз, қамқор болдыңыз. Дүние шын жалған екен ғой… Алла алдыңыздан жарылқасын, аға!», – деп жазды ақын Әлия Даулетбаева әлеуметтік желідегі парақшасына.

Айта кетейік, Қойшығұл Жылқышиев 1948 жылы 24 қазанда Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық кеңесіне қарасты Жаманқұдық жайлауында дүниеге келген. 1975 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ теледидарында қызмет істеді. «Өнерпаз» қоғамдық қайырымдылық қорының және Республикалық «Махамбет» қорының президенті болды. Өмірінің соңғы жылдарында Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. «Тұңғыш», «Мұң-кітап», «Асаукер»  жыр жинақтарының авторы.

1996 жылы М.Өтемісұлы туралы публицистикалық мақалары үшін Қазақстан Журналистер одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығын алды. Сондай-ақ Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз