38 науқас инфекциялық стационарда: өткен тәулікте Атырауда 12 адамнан коронавирус анықталды

pandemic 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан 11 науқас – Атырау қаласынан және біреуі – Теңіз кенішінен тіркелген.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, тоғызында симптомсыз түрде өтуде.
 
  Өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен емделіп шыққандар ресми түрде тіркелмеді. 


   Қазіргі уақытта 115 адам үй жағдайында, 38 науқас  инфекциялық стационарда емделуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз