Елімізде «қоңыр-қызыл аймақ» пайда болды

koronavirus Жаңалықтар

Елде өңірдің эпидемиологиялық ахуалын айқындайтын жаңа аймақ пайда болды.

Оған «қоңыр-қызыл» деген атау берілді.

Айта кетейік, 9 тамыздан бастап стационарларының 70%-і толған өңірлер енді «қоңыр-қызыл аймаққа» енеді. Ал «Ashyq» көшбасшылары» деген мәртебесі бар нысандар түнгі сағат 12-ге дейін жұмыс істейді. Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері тиісті қаулыға қол қойды. Құжатта жоба бойынша жұмыс істейтін өзге де нысандардың қызметіне түнгі сағат 10-ға дейін рұқсат етілген. Ал екінші тамыздан бастап қоңыр-қызыл аймақтағы кәсіпорындар мен ұйымдар демалыс күндері жабық болады.

Алайда әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері, бұқаралық ақпарат құралдары, дәріхана, азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз