Атырауда «Bolashaq Energy Forum II»  форумы өтті

0ee7fef9 1e09 4c14 bd3f 3194982060e0 Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың @k.nurtayev қатысуымен өткен «Bolashaq Energy Forum II» форумы Атырау өлкесінде осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Форумға жетекші мұнай-газ компанияларының басшылары, «Bolashaq» бағдарламасының түлектері, ғалымдар, сарапшылар мен зерттеушілер қатысты.

– Бүгін – маңызды басқосу. Бұл – өзекті тақырыптарды үкімет пен өңірлер деңгейінде ғана емес, әлемдік қауымдастық пен беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің арасында қозғауға мүмкіндік беретін алаң. Сондай-ақ студенттердің көтерілген мәселелерге пікірі, олардың елімізде және әлемде болып жатқан өзгерістерге деген көзқарасын көрсете алуымен құнды. Форумда көтерілген проблемаларды, сонымен қатар энергетика саласын дамытудың жаңа тенденцияларын біздің аудиторияда талқылау осында қатысып отырған жоғары оқу орындарының ұжымы мен сала өкілдерінің әрі қарайғы ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдасын тигізеді деген сенімдемін,-деді Қ.Нұртаев.

9ea0a8a5 eb0e 421e ab97 c1d9c9a1c942

Аталған форум ғылымға негізделген экономика, инновациялық өнімдерді нарыққа шығару идеяларын қалыптастырып, іргелі зерттеулер жүргізу, инновациялық бизнес құру секілді маңызды жұмыстарды қамтиды.

Жиында «Өтпелі кезеңдегі энергетика секторы: технологиялық инновациялар жағдайындағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» және «Ғылымға негізделген экономика, экологиялық тұрақтылық, ғылым мен өндіріс интеграциясы: мұнай-газ индустриясы үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыптары талқыланды.

Бүгін «Bolashaq Energy Forum II»  форумы аясында Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде  «Болашақ» қауымдастығының Атырау қаласындағы кеңсесі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму кафедрасы ашылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз