
ЖаңалықтарМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯ
Ақұштап Бақтыгереева «Құрметті профессор» атанды (+ФОТО)
Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет» орденінің иегері Ақұштап Бақтыгереева «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Құрметті профессоры» атағына ие болды.
Салтанатты құттықтау рәсімі қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 85 жыл толуына арнап университетте онлайн өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы барысында ұйымдастырылды.
«Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған қазақ қаламгері Ақұштап Бақтыгерееваға осынау құрметті атақты жоғары оқу орнының ректоры Саламат Идрисов табыс етті.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ



