Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді

12 airbus a319 COVID-19: Соңғы поштадан...

16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.

Атап айтқанда: – Алматы қаласының әуежайына – 8 халықаралық рейс қонды, 1 123 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 923, анықтамасыз – 200; – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен – 416, анықтамасыз – 55; – Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен – 120, анықтамасыз – 122; – Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен – 141, анықтамасыз – 54.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.

Еске салайық, 14 қаңтар күні «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз