Атырауда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шара өтті

357100443 743826444417582 5871858869092280946 n Мәдениет

Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрінің мерекелік концерті Исатай мен Махамбет атындағы алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Дәстүрге айналған жыл сайынғы іс-шарада Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ халық-аспаптар оркестрі мен Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

357089362 743826427750917 2969043939951548404 n

Концертте Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Қаршыға Ахмедияров, Сыдық Мұхамеджанов, Еділ Құсайыновтың күйлері халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Сая Жұмашеваның жетекшілігімен қойылды.

– Құрметті жерлестер, сіздерді Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Биыл домбыра күні ұлттық мерекеге айналғанына бес жыл толады. Ол ұлы күйшілер мен халқымыздың шығармашылығын дәріптейді. Қазақ пен домбыра – ажырамайтын екі ұғым. Домбыра ежелгі заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Қазақтар – қасиетті аспаптың көп ғасырлық шежіресінің куәгерлері, – деді облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиев.

357193154 743826447750915 7018376960135114686 n

Мерекелік шарада «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Аманжан Басығариев, Манарбек Дәулетов, Жәнібек Жәмиев, ҚР Мәдениет қайраткері Құттыгерей Дүйсеев, Шарипа Жаменова, республикалық конкурстардың лауреаты Шолпан Мұқашева, Бақытбек Сәрсенов, Жасұлан Базарбаев, Берік Амантаев, Меруерт Уәли, сондай-ақ, «Інжу» би ансамблі өнер көрсетті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз