Жарнама
Жаңалықтар

Ақтауда телехикая түсіріп жатқан топ Каспий жағалауын тазартпақ

Қазақстандық «Қара бекіре» телехикаясының түсірілім тобы Каспий теңізінің жағалауында экологиялық тазалық акциясын өткізеді. Шара Unico Play онлайн-кинотеатры мен Taurus Asia Production компаниясы, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр, — деп хабарлайды otpannews.kz.

Тазалыққа бағытталған бастама 2 шілде күні таңғы сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін өтеді. Акцияға телехикая актерлері, түсірілім тобы мен жергілікті еріктілер қатысады. Олар қоғам нащарын экологиялық мәселелерге аудартып, табиғатты аялауға үндемек.

– Біздің команда Каспий туралы телехикая түсірумен ғана шектелмейді. Біз бұл өңірдің болашағына жауапкершілікпен қараймыз. Экологиялық үндеуіміз экран шеңберінен шығып жатыр», — деді жобаның бас продюсері Анар Жүнісова.

Акция барысында түсірілген фото және видео материалдар #Қарабекіре хэштегімен әлеуметтік желілерде жарияланады.

«Қара бекіре» — отбасылық драма мен экологиялық тақырыпты тоғыстырған сериал. Онда браконьерлік, Каспий теңізінің экожүйесіндегі дағдарыс және адам тағдыры суреттеледі. Басты кейіпкер Нұрбол түрмеден шығып, інісінің заңсыз балық аулау желісіне шырмалғанын біліп, оны құтқару үшін қылмыстық ортаға қайта оралады.

Сериалдың оқиғасы 2012 жылдары өрбиді. Түсірілім жұмыстары Маңғыстау облысында өтіп жатыр. Жоба авторлары өңір табиғаты мен атмосферасын толық жеткізу үшін нақты ғылыми деректерге сүйенген. Мәселен, Каспийдің деңгейі соңғы жылдары ондаған сантиметрге төмендеп, бекіре популяциясы 90%-дан астамға қысқарған.

Телехикая премьерасы 2025 жылдың күзіне жоспарланған. «Қара бекіре» Unico Play платформасындағы алғашқы ірі отандық жоба болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button