Жанға тыныштық сыйлаған көрме

whatsapp image 2022 02 28 at 11.48.45 Жаңалықтар

Әлемге таралған індет пандемия кезеңі адам денсаулығын ғана емес жүйкесіне де өз әсерін тигізбей қоймады. Үйде карантин жағдайын сақтап қоғам мен жақыннан тыс қалған адам өмірден баз кешкендей болды. Сырлас құрбы да, жанын түсінер жан да таба алмаған адам іштей құлазып,  психологиялық соққы алғаны рас. Адамның қараңғы күйінен арашалап алатын мәдениет пен орта болса керек.  Осындай мақсатта бағдаршамдай бағыт беретін «Қорқынышты ертегілер» атты жаңа жоба көрермен назарына ұсынылды. Жоба екі жылдан аса уақытты қамтиды. Бірақ пандемия мен қаңтардағы оқиғалар жүзеге асуын тездетті. Жобаның идея авторлары Әсел Ахметжанова мен Әсел Мукашова.

Заманауи мәдениеттің дамуының айғағы іспетті бұл көрме көрермендері жас пен кәрінің көңілінен қатар шықты. Ерекшелікпен  дараланған жоба мақсаты да осы болса керек.  Түрлі детальдармен көркемделіп, артық бұйымдарды қоспаған көрмеден расында да жаның жәй тауып миын тынығады. Одан бөлек көрмеде қазақи нақыштағы ұлттық әшкейлер мен замануи спорттық киімдер сатылымға қойылды.

«Біздің қоғамда жанұямен бірге тұратын жандардан да бөлек жалғызбасты адамдардың бары рас. Ал осындай адамдарға карантин ережесі мен қоғамды түрлі өзгерістер соққы болып тиіп, деппрецияға түсуіне себепкер болды. Сондықтан аталмыш жандар үшін осындай жобаның тұсауы кесілді. Өзім суретші болған дизайнын ашық қызғылт түсті етіп, жанға жақын ал көзге ерекше түсетіндей жасадық. Көрменің жасалу жұмысына бас-аяғы  екі аптадай уақыт кетті.Бұл жоба өңірдің тұрғындары үшін айрықша жаңалық болған сыңайлы. Атыраудың ментальдық  деңгейіне қарап түсінгенім бұндай дүниелерді жасай бермейтінін түсіндім.» дейді жоба суретшісі Сырлыбек Бекботаев.

«Бұндай көрмеге алғаш рет келуім, әлеуметтік желіден хабарландыруды көрген кезде, басында атауына таңданыспен қарағам. Сол себепті де міндетті түрде бару керек деп шетім. Маған көрме ерекше әсер сыйлады. Мидағы түрлі ойлар мен санадағы сан сауалды ұмытып тек тыныштықта қалқып жүргендеймін. Тіпті ортамен араласып, жаңа таныстықтарда орнығып үлгерді.Өзгеше үлгідегі бұл жоба өз жалғасын таба берсе екен деймін» дейді  көрме қатысушысы Анар Жанұзақова.

«Қорқынышты ертегілер»– бұл жаңашылдыққа жаны жақын өзгерістен қорықпайтын жандардың алғашқы қадамы.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз