Өмірден туындаған өзгерістер

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов сәрсенбі күні түсқайта Қазақстан мұнай өнеркәсібінің көшбасшысы – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС жұмысшыларымен, инженер-техник қызметкерлерімен кездесті. Зауыттың кең мәжіліс залында өткен басқосуға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев  қатысты.

Жүздесу барысында Қуаныш Сұлтанұлы зауыттықтарға Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» бағдарламасы мен бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудың қаншалықты маңызға ие екендігін, Тәуелсіз Қазақ елінің ширек ғасырда қол жеткізген толағай табыстарын әңгімесіне арқау етті. Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің маңызына тоқталды.

Ашық пікірлесу барысында мұнай өндеушілерді  толғандырған сауалдарға Парламент Мәжілісінің депутаты мен облыс әкімі жауап беріп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз