Ақорда: Президенттің туған күніне ешқандай іс-шара жоспарланбаған

daa 0884 2 mediumthumb Жаңалықтар

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қатысты сұраққа жауап берді.

«Президенттің баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр.

Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды.

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді», – деп жазды Р.Желдібай Facebook-те.

Президенттің баспасөз хатшысы еске салып өткендей, 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады.

«Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді», – деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз