Жарнама
Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 67 грамм тәуелділік тудыратын синтетикалық есірткі затын тәркіледі

Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады.

Тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын «Амфетамин» синтетикалық-есірткі заты екендігі анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды-деді, Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3 бөлімі 3 тармағы және 5 тармағы бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысы Полиция департаменті азаматтарды есірткіге байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып, халықты салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button