
Ақ жол саған, жас түлек!
Бүгін Атырау жоғары медициналық колледжінде “Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры” мамандығын тәмамдаған түлектерге диплом тапсыру салтанатты шарасы өтті.
Биыл 92 түлек осы жауапты мамандықты сәтті аяқтап, медицина саласында еңбек етуге дайын маман атанды.
– Алған білім мен тәжірибені іс жүзінде ұштастырып, әрбір жас маман өз ісіне адал қызмет етіп, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға зор үлес қосатынына сенімдіміз, – деді деді облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов.
Салтанатты жиын барысында үздік үлгерімі мен жоғары жетістіктері үшін 7 түлек қызыл дипломмен марапатталды.
3,6 жылдық оқу бағдарламасы бойынша – 61 түлек, 1,6 жылдық оқу бағдарламасы бойынша 31 түлек маман атанды.
Колледж ұжымы түлектерге алған білімдері мен дағдылары болашақта жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетелейтініне сенім білдірді.
Тоғжан ЕРМЕК