Атырауда бір аптада 36 жол-көлік оқиғасы тіркелген

ae43a7ac312167dff29ac325d2a0a148 Жаңалықтар

«Ұсақ жол-көлік оқиғаларының тіркелуіне негізінен күннің тайғақ тығы, жүргізушілердің жазғы дөңгелектерін қысқы дөңгелекке ауыстыруға асықпауы себеп болып отыр» деп хабарлайды Atr.kz


Мысалы, 2 қаңтар күні сағат 12:00 шамасында  Lada Largus автокөлігін тізгіндеген 24 жастағы Атырау қаласының тұрғыны Құрманғазы көшесінің бойында  солға бұрылу кезінде қарсы келе жатқан Opel Astra автокөлігіне соқтығысқан. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар  сотқа жолданды.


Одан өзге, 2 қаңтар күні сағат 11:40 шамасында 1963 жылғы азамат Skoda Oktavia  автокөлігін басқара отырып, «Дина» сауда орталығының ауласында артқа қозғалыс маневрын жасау кезінде артында тұрған маркасы Маzda СХ-5 автокөлігіне соқтығысқан. Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды.

Еске сала кетейік, жыл басталысымен Атырауда 36 ұсақ жол-көлік оқиғалары тіркелді.


Атырау қаласы Полиция басқармасы көлік жүргізушілері мен жол қозғалысы қатысушыларына жол жүру ережелерін мұқият сақтауды және жолда сақ жүруді ескертіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз