«Нұр Отанға» – жаңа орынбасар

00 Жаңалықтар

 Дүйсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы саяси кеңес бюросының қаулысымен партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Ожаев тағайындалды.

  Саяси ұйымның облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осыған дейін бұл қызметті атқарған Ерболат Бектеміровке зор ризашылығын білдірді. Үш жыл ішінде партия жұмысын нақты жолға қойып, іскерлік пен ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білгендігін атап өтті. Партиялық басшылық қызметке тағайындалған Нұрлыбек Жұмахметұлының жұмысына сәттілік тіледі.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз