
Жаңалықтар
«Антикорда Атырау мұнай өңдеу зауытының басшылығына қатысты ешқандай іс жоқ»
Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.
Бұған дейін Ulysmedia ашық ақпарат алаңы өзінің ресми телеграмм-арнасында «АМӨЗ» ЖШС басшылығына қатысты айып тағып, дәлелсіз ақпарат таратқан еді. Бұл 80 жылдық тарихы бар кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, қоғамды жаңылыстыруға себеп болды.
– Осыған байланысты «АМӨЗ» ЖШС өз абыройын қорғау мақсатында аталған сайтты сотқа беретінін ресми түрде хабарлайды. Біз барлық мүдделі тарапты тексерілген және ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз, — делінген «АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі өкілі таратқан хабарламада.