ІНДЕТТІ ЖОЮ – МІНДЕТ

Жуырда Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз өмірді таңдаймыз!» атты акция өткізілді. Бұл акцияның мақсаты – нашақорлық, токсикомания және шылымқорлық сынды індеттің жолын бөгеп, жастардың ой-танымын реттеп, оларға дұрыс бағыт-бағдар көрсету.

Шараға қатысқан көрермендер облыстық наркологиялық диспансер мамандарының сөздерін тыңдап, аталмыш кеселдерден құлағдар болды. Сондай-ақ, акцияға қатынасқан жұртшылыққа ақпараттық-танымдық парақшалар таратылды. «Өзгеге демес бұрын, өзің істе» демекші, шара белсенділері дене шынықтырып, түрлі спорттық жаттығулар жасады. Акцияны тамашалауға келген көпшілік те сахна төріне шығып, жаттығулар орындады.

Акция барысында түрлі жанрдағы билер биленіп, әуезді әндер шырқалды. Сонымен қатар, Атырау қаласының еріктілері флешмоб ұйымдастырды.

Аян ҒИЗЗАТОВ,

С.Демирел атындағы университеттің студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз