Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешіті тегін тігін курсын ашты (+ВИДЕО)

1778 4 БЕЙНЕЖАЗБА

Аtr.kz/27 мамыр, 2019 жыл.  Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде тегін тігін курсы ашылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметінің хабарлауынша, аталмыш курстан алғашқы кезекте жұмыссыз отырған көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылардан шыққан әйел адамдар тегін ілім ала алады.

Рамазан кезіндегі игілікті бастаманың тұсау кесер рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің Бас имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысып, курс жұмысына сәттілік тіледі.

«Мүфтият бекіткен басым бағыттардың қатарында қайырымдылық саласы да бар. Сұлтан Бейбарыс мешітінде іске қосылып отырған бұл игілікті бастама талай шаңыраққа қуаныш әкеледі деп сенеміз. Әрі бұл ұлттық өнерімізді насихаттау жолындағы тамаша бастама» дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров.

Қазіргі кезде курс өз жұмысын бастап кетті. Болашақ ісмерлерге тәлім беретін арнайы ұстаз да бекітілді. «Бұл бастама «Аяттан амалға» жобасы аясында жүзеге асып отыр. «Нәжім» сүресінде айтылғандай, адамзат тек еңбегіне қарай табысқа жетеді» дейді идея авторы, Сұлтан Бейбарыс мешітінің бас имамы Ержан Қағазғалиев. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

1778 8
1778 6
1778 2
70e04ad4e4d7f82ec80a19b05e32be5a M
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз