Атырауда қатты жел салдарынан екі тұрғын үйдің шатыры құлады

img 20210114 wa0043 Жаңалықтар

«Қазіргі уақытта құтқарушылар қатты жел салдарынан туындаған қауіптерді жойды» деп хабарлайды Atr.kz

 «14 қаңтарда сағат 07:10-да Call-центр орталығына Атырау қаласы, Нұрсая ықшам ауданында шатырдың құлау қаупі туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына жеткен соң, қатты желдің салдарынан аталған аудандағы №84 үйдің шатыр бөлігінің қайырылып, құлағандығы анықталды.

 Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бүлінген конструкцияларды нығайтып, қауіпті аймақты қоршады.

Сондай ақ, сағат 08:22-де қатты желдің салдарынан Атырау қаласындағы Азаттық көшесі, 5 қабатты №77 тұрғын үй шатырының құлау қаупі тіркелді.

Жедел түрде бүлінген шатырлардың конструкциялары (лист) нығайтылып, көлік жолына түскен шатырлар жинақталды» делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті берген мәліметте.

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

img 20210114 wa0044
img 20210114 wa0042
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз