Ана мен бала 28 жылдан кейін қауышты
Өткен бейсенбіде 1996 жылы күзде әскерге кетіп оралмаған Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының 1977 жылы туған тұрғыны Бейбіт Қозыбаевтың 28 жылдан кейін аман-есен табылғанын хабарлаған едік. Бүгінде анасы Маржан Қозыбаева туған ұлымен осынша жылдан кейін аман-есен қауышты.
-Маржан апайдың бұл күнге де жетіп, туған ұлын құшақтап, сағынышын басқанын көзіміз көрді. Аудандық әскери комиссариатына келіп, баласын сұрап егілген ананың талай қиналғаннан есінен танып қалғанын да көргенбіз. Сол кездері оны не деп жұбатарымызды білмей, біз де қиналып қалушы едік. Бүгін міне, 28 жылдан кейін бауыр еті баласымен қауышқан ана үшін біздің де көңіліміз жай тапқандай болды, — дейді Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты,
қорғаныс саласының ардагері Есенбай Нұров.
Қуандық ШӘКІРОВ