Атырауда бірнеше көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды (+ВИДЕО)

1 96 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Кеше, сағат 18:30 шамасында 1996 ж.т. азамат басқару құқығы жоқ күйде (тексеру  барысында жүргізуші куәлігі болмаған) маркасы «Lada 21703» (Priora) көлігімен қаладағы  Ш.Уәлиханов көшесі бойындағы үйлердің бірінің тұсында келе жатып, алдынан екінші дәрежелі жолдан шыққан 1989 ж.т. азамат басқаруындағы маркасы «Opel Astra» көлік құралынан апаттық жағдай туғызбау үшін оңға қарай алып қашып, оң жағындағы жол жиегіне соқтығысқан.

https://youtu.be/0gh68hVbpzA

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Қарама-қарсы бағыттағы 1981 ж.т. азамат басқаруындағы маркасы «Lada 21703» көлік құралының артқы бөлігіне соқтығысып, соққы екпінімен «Coffee Room» алдында тұрақта тұрған  маркасы «Toyota Estima» көлік құралына, соққы екпінімен «Toyota» автокөлігі сол жерде тұрған маркасы «Lexus NX200» көлігіне соқтығысып, маркасы «Lexus» автокөлігі оң жағында тұрған маркасы «Toyota Land cruiser 100» автокөлігіне соқтығыс жасаған.

Жол оқиғасы салдарынан маркасы «Lada 21703» (Priora) автокөлігінің жолаушылары және жүргізушісі әр түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізіліп, медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, жол көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші анықталуда.

Айбөпе САБЫРОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d2%afsh-adam-koronavirus%d2%9ba-shaldy%d2%9bty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз