Жарнама
Жаңалықтар

Махамбетке 300 мың қапшық жетті

Бүгін түнгі сағат 03:40-та Махамбет ауданына Алматы қаласынан 300 мың қапшық жеткізілді. Аудан әкімінің кеңесшісі Алшынбек Мұқанғалиевтің хабарлауынша, әкімдіктің қолдауымен сатып алынған қапшық қажеттілікке сәйкес әрбір ауылға бөлініп таратылады.

-Бұған дейін алынған 254 мың қапшық ауданға қарасты ауылдық округтердің сұранысына орай берілді. Ендігі уақытта қорғаныш бөгеттерін бекіту жұмыстарын тез арада аяқтау үшін ауданға алдағы күндері әлі де қосымша 800 мың дана қапшық сатып алынады,- дейді А.Мұқанғалиев.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Махамбет ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button