Жарнама
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті

Дүйсенбіде «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ХХХІХ есеп беру-сайлау конфереренциясы өтті.                                              

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, алдымен  «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстарынан есебі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері тыңдалды. Оның ішінде, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жобасы аясында өңірлік , «Жол картасын» іске асыру барысына назар аударылды. Бұл жөнінде филиалдың хатшысы Абдолла Идресов баяндады.

e5fdcc10 9041 407e 8df8 1005224c1c93

Келесі кезекте күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша филиал жанындағы  бақылау-тексеру комиссиясының есебі мақұлданды. Бұдан соң саяси кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.

Конференция жұмысына, «AMANAT» партиясының хатшысы, саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев қатысып, сөз сөйледі.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button