Атырауға Амстердамнан келген студенттерден коронавирус табылған жоқ

10335228 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. «Қазіргі таңда 24 кадет студенті мен оның мұғалімдері үй карантиніне жатқызылды» деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, 3 сәуір күні «Амстердам – Атырау» рейсімен өңірге Қазақ-Британ техникалық университеті жанындағы Теңіз академиясынан 24 студент оралған болатын. Атырауға келген сәтте олар карантин изоляторына жатқызылып, коронавирус індетіне қан сараптамасын тапсырды.

Тест нәтижесі қауіпті індеттің жоқ екендігін көрсетті. Қазіргі таңда студенттер Атыраудағы қонақ үйлердің біріне карантинге жатқызылды.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-avto-eriktiler-160-tan-astam-otbasy%d2%93a-azy%d2%9b-t%d2%aflik-sebetterin-zhetkizdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз