Мемлекеттік хатшы белгілі журналист Исатай Балмағамбетовке Құттықтау хатын жолдады

154094253 1315862172147589 4697066590242285345 n Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың Құттықтау хатын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова табыс етті» деп хабарлайды Atr.kz

Қазақстанның Құрметті журналисі, «Сарайшық» журналының бас редакторы Исатай Балмағамбетовке құрметті марапатты табыс ету рәсімі Атырау облысы әкімдігінде өтті.

«Өзіңізді сонау «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеп, баршаға танылған кезіңізден жақсы білемін. Жастар ұйымдарының жұмысын жетілдіруге бірге атсалысып, өзекті мәселелер көтерген сәттеріміз есімде. Сізді алпыстың асқарына шыққан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын» делінген елордадан жеткен хатта.

Құттықтау хатты табыс еткен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Исатай Құндызбайұлының саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған адам екендігін атап өтті.

«Сіз отандық медиа кеңістіктің дамуында дара қолтаңба қалдырдыңыз. Қазақ баспасөзімен бірге, отандық телевизия саласында іргелі бастамаларыңызбен, өзіндік дара жолыңызбен ерекшелендіңіз» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

img 20210226 wa0060
img 20210226 wa0051

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз