Жарнама
Жаңалықтар

АЛЫП АНАДАН ТУАДЫ

 

Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін құрылған комиссия төрайымы болып Маңғыстаудағы №10 мектеп директоры Бәтима Шаяхметқызы сайланды. Айта кету керек, кеңес жұмысы кезінде осы мектептен бастау алған болатын. Ал, аналар кеңесінің төрайымы болып Отан алдындағы борышын өтеу жолында шейіт болған лейтенант Еділ Мәденовтің анасы, астаналық Меруерт Досымбайқызы сайланды.

Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы сарбаздары – ел шекарасын кеудесімен қорғаған интернационалист-жауынгерлер болып табылады. Қаламыздағы ауған және тәжік-ауған шекарасында құрбан болған жауынгерлер рухына арналған ескерткіштің авторы Саматбек Бөкебайға тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдар мен әскери қақтығыстарға қатысушылардың республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Мұхамеджанов Алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ, қаһармандарды дүниеге әкелген аналарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

1989 жылы ауған соғысы аяқталысымен 1991 жылы тәуелсіз еліміз алғаш рет бітімгерлік мәселелерді шешуге атсалыса бастады. Қазақстандық жауынгерлер азаматтықтың биік үлгісін көрсетті. Бүгінде тәжік-ауған соғысы ардагерлері кеңесінің елімізде 14 облыстық, үш қалалық филиалы құрылған.

— Республикалық қоғамдық бірлестік атынан еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке Атырау мен Ақтау қалаларының аумағында әскери қызметке баулитын Қазақстан Республикасы Қарулы Күш-терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Ұлы Отан соғысындағы жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанованың атындағы республикалық арнаулы мектеп-интернаттар ашу жөнінде ұсыныс жолданды, — деп атап өтті бірлестік төрағасы М.Мұхамеджанов.

Амандық АБДОЛ.

Сурет автордікі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button