«Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне берілетін жәрдемақы көлемі өсті
Atr.kz/6 қаңтар, 2020 жыл. «Atr.kz» 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілетін жәрдемақы көлемін жариялайды.
Көп балалы аналарға – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, бұрынырақта «Батыр ана» атағын иеленгендерге, I және II деңгейлі «Ана даңқы» орденімен марапатталғандарға ай сайын төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі, олардың табыс көлеміне қармастан, 16 973 теңгені құрайды.
Бала асырап алған, қамқорлығына алған(қамқоршы, тәрбиеші), мүгедек баланы тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, бала кәмелет жасқа толғанға дейін, төленетін жәрдемақы көлемі 43 657 теңгені құрайтын болады.
Дәл осындай көлемдегі жәрдемақы туғаннан бірінші топтағы мүгедек саналатын жандардың күтімі үшін де төленіп отыратын болады.
Сондай-ақ, еңбек етуге жарамай қалғанда, асыраушыдан айырылғанда және жұмыссыз қалғанда тағайындалатын төлемдер көлемі де өзгерістерге ұшырап, ол орта есеппен 30%-ға өсті. Жұмыссыз қалған, бірақ, бұған дейін 100 мың теңге мөлшерінде орташа айлық табысы болған және 5 және одан да көп жыл әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысушы өтілі бар жандар үшін төлемдер сомасы 30 000 теңгеден 41 600 теңгеге дейін өсті.
4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылары үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы бөлінетін болды. Ол отбасының табысына қарамастан, дифференциалды мөлшерде тағайындалады:
• 4 баласы бар отбасына – 42 496 теңге;
• 5 баласы бар отбасына – 53 127 теңге;
• 6 баласы бар отбасына – 63 757 теңге;
• 7 және одан да көп баласы бар отбасына – 74 388 теңге;
.