ЖаңалықтарМәдениетФОТОГАЛЕРЕЯ
Әли Оқапов атыраулық бойжеткенмен отбасын құрды (+ФОТО)
Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Алғаш Қазақстанды халықаралық деңгейде танытқан еліміздің Халық әртісі Роза Рымбаеваның ұлы, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші, әрі биші Әли Оқапов атыраулық ару Ақерке Бүркітбаймен отбасын құрды.
Бұл туралы әлеуметтік желіде журналистер жарыса жазуда. Кеше қалыңдықтың шаңырағында өткен қыз ұзату тойының сәттері әлеуметтік желіні шулатты.
Ақеркенің өзі де қаражаяу емес, өнерлі отбасы өкілі. Қазір «Асыл» тобының құрамында өнер көрсетеді. Оның әкесі – белгілі дәстүрлі әнші, еліміздің Мәдениет саласының үздігі Пахаман Құттымұратов.