Атырауда бір ақынның төрт кітабы шықты

screenshot 20220607 101845 Мәдениет

    Атыраулық ақын Айбек Қалмағанбетовтың «Бақыт мекені»,  «Кең Жылой», «Әкеме ескерткіш», «Досыма хат» атты жыр жинақтарының  таныстырылымы өтті.

    Қаладағы №2 кітапханада ұйымдастырылған жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсіміне  ақынның өзімен сыйлас, жырымен сырлас қаламдастары мен достары – Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Таңатар Дәрелов, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, ақын,  республикалық «Сарайшық» журналының бас редакторы Гүлзада Ниетқалиева, ішкі істер органдарының ардагері Бейбіт Айтмағанбетов, Білім беру ісінің үздігі, ұлағатты ұстаз Қайша Мәдесқызы, республиканың еңбек сіңірген жаттықтырушысы Асан Раушанов, мүгедектер арасында  волейболдан ел құрамасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов Бақытұлы және басқалары қатысты.  қаржы саласының маманы Ермеков Көшен Орынбасарұлы, қазақ тілі қоғамының төрағасы, қоғам қайраткері, журналист Төлеуішев Әбілхан Сейтімұлы, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің ардагері Тахауов Асан Бағытұлы, Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жайлауова Жаннат Елемесқызы  және кітапхана оқырмандары, көпсалалы жоғарғы Болашақ колледжінің студенттері мен кітапхана қызметкерлері қатынасты. 

Алғашқы сөз кезегін алған Гүлзада Рахметқызы әріптесінің әр жылдары жарық көрген жыр жинақтарының мазмұнын әңгімесіне арқау ете отырып, авторға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі. Осындай жылы лебізін құрманғазылық ақын  Таңатар Дәрелұлы да білдірді. Одан соң Жұмыскер ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары ақын  шығармашылығында айрықша орын алатын, жас ұрпаққа рухани күш-жігер беріп, өмір құндылықтары мен ұлттық мәдениетті сақтауға шақыратын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, өнерпаз өрендер Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйлерін шеберлікпен шертіп, шараның шырайын кіргізді. 

Оқырманымен қауышқан туындылардың тұсаукесер рәсімінде жыр жинақтарының авторы Айбек Қалмағанбетов осындай жылы жүздесуді өткізуге ұйытқы болған кітапханашылар қауымына ризашылығын білдірді. Рәсімді Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жаннат Жайлауова қорытындылады. Ол тұсауы кесіліп отырған төрт бірдей туындының кітапхананың кітап қорын толықтырып, оқырмандардың олжасына айналарына сенімді екенін жеткізді.  

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз