200220215714761e

Әлем мойындағысы келмейтін қандай ақиқат бар?

Жаңалықтар СарапTime Саясат

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі Германияға сапары Қазақстанның сыртқы саясаттағы позициясын тағы бір мәрте нақтылай түсті.

Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына мәртебелі мейман ретінде қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азиядағы ахуалды талқылауда өзіндік позициясын атап айтты. Президенттің пікірінше, О р т а л ы қ А з и я н ы ң жаһандық геосаясаттағы ролі арта түседі. Демек, бұл ең алдымен қауіпсіздік мәселесінде тағы да бірігу керек дегенді білдіреді.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы тәуелсіздік бастауындаақ бекітілген болатын. Көп векторлы саясатты ұстанып отырған еліміз әлемді бейбітшілік бастамашысы ретінде мойындатты. Қазір Қазақстан – әлемдік алпауыттар Ресей, Қытай, Еуроодақ, АҚШ-пен тең қарым-қатынасты ұстанып, әрі алыптардың өзара салқын қатынастарына, айыптауларына араласпай, өзіндік позициясын сақтап отырған бірден-бір мемлекет.

Конференция барысында Қазақстан Президенті Орта Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне, есірткі тасымалына қарсы күрес жөніндегі шараларға арнайы тоқталды. Асылында, Қазақстан Орта Азияның көшбасшы елі ретінде де бейбітшілікке мүдделі. Осы ретте, Қазақстан жүзеге асырған «Жусан», «Русафа» операцияларын терроризммен күрестегі ең озық бейбітшіл бастама деп айта аламыз. Әлемдік қауымдастық теңдессіз операция деп бағалаған «Жусан» тәжірибесімен Қазақстан бүгінде бөлісіп те жатыр.

Тіпті, осыдан біраз бұрын Еуропа Парламентінде «Қазақстан тәжірибесі: Сириядағы содырлардың отбасыларын елге қайтару» атты тақырыптық конференция өткені де белгілі. «Магриб түрмелерінде (Мысырдан батысқа қарай орналасқан Солтүстік Африкадағы мемлекет) біздің көптеген азаматтарымыз жатыр. Біз Қазақстанның репатриация бағытындағы тәжірибесін үйренсек» деген еді сол кезде Франция еуропарламентінің өкілі Тьерри Мариани.

Ал, «Русафа» операциясы тіптен стратегиялық мәнге ие. Өйткені, бұл операция аясында елге қазақстандық балалар қайтарылуда. Міне, әлемнің менмін деген алпауыттарының өзін асқан сақтықпен қаратып отырған қақтығыс нүктелеріндегі мәселеде Қазақстан батыл қадам жасап, жаһандық қауымдастыққа тағы бір үлгі көрсетті.

Х а л ы қ а р а л ы қ қатынастар жөніндегі кеңестің төрағасы Ричард Хаастың пайымдауынша, Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен конференциясында өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатысты құнды пікір білдірді. Десе де сарапшылар Мюнхен конференциясында АҚШ – Қытай – Еуропа үштігі арасындағы мәселенің талқылау алаңына айналғанын айтады.

«АҚШ президенті Дональд Трамп ұстанған саясат трансатланттық қарымқатынасқа сызат түсіргентұғын. Ақ үй басшысының Париж келісімінен шығуы, Иран келісімінен бас тартуы секілді мәселелер «қарт құрлықтың» шенеуніктерін тығырыққа тірегендей көрінген-ді» дейді журналист Абай Асанкелдіұлы.

Бұған қосарымыз – бүгінде әлем Қытай мен АҚШ арасындағы қатынасқа, әсіресе, қос алыптың сауда соғысына алаңдаулы.

P.S.

Бірақ, әлем түсінсе де мойындағысы келмейтін бір ақиқат бар. Алыптар арасындағы қырғиқабақ қатынас қашан да болды. Болады да. Басқа емес, Таяу Шығыста орын алып жатқан бүгінгі қантөгіс «әлем менікі» деген өзімшіл көзқарастың соңы қайда әкелетінін көрсетіп отыр. Біздіңше, Мюнхен конференциясындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі әрі-сәрі күйде отырған алпауыттарды ойландыруы тиіс. Өйткені, әлемді менменшілдік емес, бірігу, интеграция, ортақ мақсат арқылы ғана біріктіруге болады.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Қазақстанның орны ерекше

*Сіз не дейсіз?

Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Президентінің кеңесшісі:

– Әлемдік сарапшылардың Орталық Азиядағы процестерге қызығушылығы артып келеді. Бұл – Қазақстанның аймақтық және халықаралық процестерде алатын ерекше орнын көрсетіп отыр. Жиын барысында Қазақстан Президентіне қойылған сұрақтар түрлі тақырыптарды қамтыды.

Осы орайда аймақтық қауіпсіздік, Сирия мен Ауғанстандағы қазіргі жағдай, Орталық Азияның саяси-экономикалық дамуы, алпауыт елдермен қарым-қатынас, сондайақ коронавирусқа қатысты сұрақтар қойылды. Себебі бүгінде жалпы халықаралық жағдай АҚШ, Ресей мен Қытай секілді алып мем лекеттер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Дәл осы жағдайда қазір негізінен Қазақстан ғана аталған алып мемлекеттермен тиісті қарым-қатынас құрған. Пікірталаста бұл сұрақтардың қамтылуы осымен байланысты.

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған