Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

5ee14fbb64b6b7c0c0aee21216ff6a4f XL Жаңалықтар

Синоптиктер 14-16 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.

5ee14fbb64b6b7c0c0aee21216ff6a4f_XL

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, ауа райы тұрақсыз болады.

«Суық атмосфералық фронттардың әсерінен жел күшейіп, бұршақ жауады деп болжанады. Ауа температурасының ауытқуы сақталады. Батыс және солтүстік облыстарда температура нормадан төмен түсіп, оңтүстікте және шығыста 1…3 градус нормадан жоғары болады», – дейді «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз