Жарнама
ЖаңалықтарМәдениет

Сән әлемінің кішкентай ханшайымы

Атыраулық кішкентай модель Мәриям Ишанғалиева Ресейдің Москва қаласында «Music box Gold» телеарнасының бірінші «Golden Hit» танымал музыка фестивалінде бой көрсетпекші. Фестиваль барысында Мәриям    ̶   Анита Цой, Лариса Долина, Денис Клявер, Брэндон Стоун, Юлия Беретта, Стас Костюшкин, Александр Эловских шырқайтын әндерге белгілі дизайнерлердің киімдерін киіп  FASHION SHOW көрсетіліміне қатысады.  25 – ке жуық телеарна, мыңдаған көрермен болатын шоуды мамыр айында теледидардан тамашалауға болады.

Еске сала кетсек, былтырғы жылы Мариям  дәстүрлі түрде өткізілетін  «Мировая супермодель» байқауына онлайн түрде суреттерін жіберген еді. Байқау қорытындысы бойынша жерлесіміз «Мировая звезда» атағын иеленді. Алғашқы байқауы сәттілік әкеліп, оның өнер жолындағы алғашқы қадамдарына жол ашты.

Жан-Ерке ХАЛИУЛЛИНА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button