Жарнама
Жаңалықтар

Alatau City — еліміздің келешектегі келбеті

Мен биыл жазда Қытайға екі рет барып, Гуанчжоу қаласында болып қайттым. Алпауыт мемлекеттегі шаһардың даму жолын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Бұл бір кездері шағын ғана аудан болса, бүгінде әлемдегі ең ірі инновациялық орталықтардың бірі. Онда халықаралық компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан, жоғары технология дамыған, жастарға мүмкіндік мол. Сол қаланың көшелерінде жүргенде, “Қазақстан да осындай деңгейге көтеріле ала ма?” деген ойдың келгені рас. Кейін мен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдағанда көкейімдегі осы сұраққа нақты жауап алдым. Иә, біз де мұндай қадамға бара аламыз екен, тіпті оған қол жеткіземіз де.

Президент айтқан Alatau City еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы ретінде дамитыны – баршамыз үшін зор мүмкіндік. Президенттің қалаға арнайы мәртебе беру, Үкіметке тікелей бағындыру, жеке заң қабылдау жөніндегі тапсырмасы – бұл жобаның салмақты әрі нақты іске асатынына дәлел. Бұл артықшылық емес, керісінше, жобаға серпін беретін қажетті құрал.

Маған әсіресе жаңадан тұрғызылатын қалада толық цифрландыру, Smart City технологияларын енгізу, тіпті тауар мен қызметті криптовалютамен төлеу сияқты жаңашыл бастамалар туралы айтқаны қатты ұнады. Бұл – болашақтың келбеті. Әлемде ірі мегаполистер осындай бағытпен дамып жатыр, енді Қазақстан да сол көшке қосылса нұр үстіне нұр болар еді.

Alatau City – тек жаңа қала емес, ол Қазақстанның жаңа тынысы, болашақтағы келбеті, жастардың арманына айналатын мекен болмақ.

Гүлмира ТІНӘЛИЕВА,

Атырау қаласының тұрғыны

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button