Атыраулық азаматтан 362 келі бекіре балығы тәркіленді

whatsapp image 2021 10 05 at 08.32.53 Жаңалықтар

 Атыраулық полицейлер тұрғыннан 362 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды atr.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Республика көлемінде өтіп жатқан “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы  барысында  ОПД криминалдық полиция басқармасының мамандары маркасы Ваз-2114 автокөлігін тоқтатып, тексерген. Нәтижесінде көліктің жүк салғышынан 20 дана және тұрғын үйінің гаражынан 84 дана бекіре тұқымдас балығы табылған. 

– 28 жастағы күдіктіден барлығы 104 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, салмағы 362 келіні құрады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз