Атырауда кезекті бос орындар жәрмеңкесі өткізілді

whatsapp image 2019 12 25 at 09.10.37 Жаңалықтар

Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырау облыстық Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Бос лауазымдар жәрмеңкесі» өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Шараға облыс орталығының 100-ден астам уақытша жұмыссыз тұрғыны қатысты. Оларға мемлекеттік қызметке орналасудың тәртібі мен тестілеуден өту қағидалары түсіндірілді.

Сондай-ақ, консультативтік кеңестер берілді. 
– Бос лауазымдар жәрмеңкесі жыл басынан бері осымен 5-ші рет өтіп жатыр. Мұндай шаралар азаматтарға, оның ішінде жастарға құқық қорғау органдарының бос лауазымдары туралы ақпараттандыру жұмысын жүргізу мақсатында ұйымдастырылуда, – деді Полиция департаменті мамандары.

whatsapp image 2019 12 25 at 09.10.36 1
whatsapp image 2019 12 25 at 09.10.36
whatsapp image 2019 12 25 at 09.10.37 2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз