
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Қала күніне орай Атырауда ретро-саябақ ашылады (ВИДЕО)
Қала күніне орай Атырауда ретро-саябақ ашылады. Маңызды нысанның салтанатты ашылу рәсімі 14 қазан күні, сағат 11:00-ге жоспарланған.
Мерекелік шараға аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі қатысады деп күтілуде. Себебі, сол күні ретро-саябақта танымал топтың құрметіне орай архитектуралық композиция орнатылмақ.
Айта кетейік, Атырау қаласындағы Тұрғындар қалашығында орналасқан ретро-саябақ «ТеңізШевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы бойынша салынған. Мұнда амфитеатр, асхана, көрме өткізуге арналған павильондар және балалардың ойын алаңдары қондырылған.
Айдос Қарабала
Суреттерді түсірген: Максим СТАДНИЧЕНКО