srtopropopo

Атыраудағы «ескі қала» аумағы тазартылып, ойын алаңына айналмақ (+ВИДЕО)

ATR.TV Жаңалықтар Шаһар шырайы Қоғам

Atr.kz/24 тамыз, 2020 жыл. Карантин уақытындағы қиындықтарға қарамастан қалалық әкімдік тамыз айында «ескі қала» аумағын 18.1 га құрылыс қалдықтарынан тазарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда.

Облыс орталығының тазалығы – қала әкімдігінің басты назарында Карантин уақытындағы қиындықтарға қарамастан қалалық әкімдік тамыз айында "ескі қала" аумағын 18.1га құрылыс қалдықтарынан тазарту бойынша ауқымды жұмыс атқаруда.Бұған дейін стихиялық қоқыс алаңына айналған Атырау мөлтек ауданындағы карьерлерді тегістеу қолға алынды. Мұндағы заңсыз қоқыс алаңдарының көбеюіне бірден бір себеп-тұрғындардың тұрмыстық қалдық пен лас суларды төгуі. Нәтижесінде, қалада қоқыс алаңдарының саны көбейіп отыр. Шіріген су мен қалдықтың иісі тұрғындар үшін қолайсыздық тудыратыны белгілі. Әсіресе, шағымдар жеке тұрғын үй иелерінен көптеп түсуде.Осы жағдайларды ескере отырып, қаладағы жабайы қоқыс үйіндісіне айналған жерлерді қалыпқа келтіріп, орнын инертті материалдармен толтырып, тегістеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Нәтижесінде, тазартылған аумақтар балалар ойын алаңын салу немесе өзге мақсаттарға пайдалану үшін қолайлы орта болмақ. Айта кетейік, дәл осындай жұмыс қоқыс мәселесі сонау 90-шы жылдардан бастап қордаланып келген Геолог кентінде де жоспарлы жүргізілудеАкимат города Атырау за последние месяцы несмотря на карантинный период, не ослабляет работ по обеспечению чистоты городских территорий, при этом учитываются и предложения городских жителей.В августе месяце начаты масштабные работы по очистке территории «старого города» от строительных отходов на 18.1 гектаре.Кроме того, на территории микрорайона Атырау имеются значительные территории, ранее использованные как стихийные и незаконные карьеры. Со временем эти участки были заполнены талой водой, бытовым мусором, сбрасываемым отдельными жителями. В результате практически в центре города образованы площади, имеющие неприглядный вид, заполненные гниющей водой и мусором. Естественно, владельцам частного жилья такое соседство не создает комфорта. С учетом этого, проводится работа по приведению таких участков в нормальное состояние, за счет заполнения инертным материалом.В итоге, кроме чистоты получаются участки, пригодные под застройки и для детских площадок, также участки для последующего озеленения.Такие же работы, с целью решить проблемы, сохранявшиеся с 90-х годов, ведутся и в поселке Геолог.

Опубликовано Акиматом Города Атырау Пятница, 21 августа 2020 г.

Бұған дейін стихиялық қоқыс алаңына айналған Атырау мөлтек ауданындағы карьерлерді тегістеу қолға алынды. Мұндағы заңсыз қоқыс алаңдарының көбеюіне бірден бір себеп-тұрғындардың тұрмыстық қалдық пен лас суларды төгуі. Нәтижесінде, қалада қоқыс алаңдарының саны көбейіп отыр. Шіріген су мен қалдықтың иісі тұрғындар үшін қолайсыздық тудыратыны белгілі. Әсіресе, шағымдар жеке тұрғын үй иелерінен көптеп түсуде.

Осы жағдайларды ескере отырып, қаладағы жабайы қоқыс үйіндісіне айналған жерлерді қалыпқа келтіріп, орнын инертті материалдармен толтырып, тегістеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Нәтижесінде, тазартылған аумақтар балалар ойын алаңын салу немесе өзге мақсаттарға пайдалану үшін қолайлы орта болмақ. Айта кетейік, дәл осындай жұмыс қоқыс мәселесі сонау 90-шы жылдардан бастап қордаланып келген Геолог кентінде де жоспарлы жүргізілуде

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған