01 23

Қашықтан оқу жалғаса ма? (+ВИДЕО)

ATR.TV Білім Жаңалықтар

Atr.kz/22 қазан, 2020 жыл. Денсаулық сақтау министрлігінің білім беру форматына қатысты ұсыныстары өзгерген жоқ. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.  

«Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстары өзгерген жоқ, яғни, білім беру онлайн-режимде жүргізіледі. Офлайн-режим тек 1-4 сыныптар мен 180 балаға дейінгі шағын мектептер үшін ғана сақталып отыр», – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, оқу жылының басында білім беру форматына қатысты қызу пікірталастар болған. Қазіргі статистика қашықтан оқытудың тиімділігін көрсетіп отыр. 

Айта кетейік, оқу жылы басталғалы бері оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 250 жағдайы тіркелді. Соның ішінде кезекші сыныптарда 105 оқушы вирус жұқтырса, қалған 145 бала қашықтан білім алып жүр. 

Жалпы, осы уақытқа дейін республика бойынша 109 766 адам инфекция жұқтырып, 1 803 науқас қайтыс болды. Ал бірінші тамыздан бері 36 200 адамға пневмония диагнозы қойылды, 388 адам көз жұмды.

«Sputnik Қазақстан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған