Жарнама
БілімЖаңалықтарҚоғам

Алғашқы ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты

Қазақстанда бірінші ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты, — деп хабарлайды «sputniknews.kz» порталы.

ҰБТ ұмтылыс пен ұтылыс

«Қысқы» ҰБТ-ға 34 687 мектеп оқушысы қатысқан. 24 012 адам немесе тапсырғандардың  69 %-ы шектік ұпайдан артық балл жинаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директоры Рамазан Әлімқұлов. 10 675 білім алушы (31 %) жеткілікті ұпай жинай алмады. Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан асса, он мыңнан астам оқушы орыс тілінде тестілеуден өткен. Ағылшын тілін 61 талапкер таңдапты. Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі тоғыз оқушы өз білімін тексеріп көрді.

Биылдан бастап алғаш рет Ұлттық бірыңғай тестілеуді жылына төрт рет тапсыруға болады: қаңтарда, наурызда, маусымда және тамызда.»Қаңтар, наурыз және тамыз айында ҰБТ тапсырған соң, талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне оқуға түсе алады. Ал мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрді маусым айында ҰБТ-дан өтуі керек, соның қорытындысы бойынша конкурсқа қатыса алады» деп атап өтті Әлімқұлов орталық коммуникациялар қызметінің алаңқайында.

Сегіз мыңнан астам талапкер «Математика – физика» пәндерін таңдаған, ал алты мыңдай болашақ студент «Химия — Биология» пәндері бойынша бақ сынауды жөн көріпті. Республикалық апелляциялық комиссияға тест мазмұны бойынша сегіз шағым түсті, олардың үшеуі қанағаттандырылған. «Ұпай саны тең болғанда, «Алтын белгі» иегерлеріне басымдық беріледі, деп атап өтті Әлімқұлов.

Биылғы түлектер қандай да бір дәлелді себеппен ҰБТ тапсыра алмаса, келесі тестілеуге қатыса алады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар көмектеседі. ҰБТ-да қанша балл алғаныңды Ұлттық тестілеу орталығынан біле аласың. Тапсырған адамның жеке коды мен ЖСН нөмірін енгізсе, экранға ұпай саны шығады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button