Атырауда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі қалай?

600 5eef98a1e7fa0cfe2945be7be8fa95e8 Жаңалықтар

Бүгінде үкіметтік емес сектор еліміздегі саяси үрдістің тең құқылы қатысушысы болып табылады. Сондықтан ондай ұйымдар жергілікті атқарушы билік пен жеке бизнес өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Осы орайда, көшбасшылық қасиеттерді қалай қалыптастыруға болады? Қаржылық тұрақтылықты сақтау жолдары қандай?

600_5eef98a1e7fa0cfe2945be7be8fa95e8

Міне, Әлия Бекқожиеваның жетекшілігіндегі «Атырау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік белсенділігін дамыту және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбындағы семинар-тренинг осы сауалдарға жауап іздеді. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар араласпайтын сала жоқ. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеумет, мәдениет, гендерлік қатынастар, экология, құқық қорғау және басқа да қоғамның маңызды салаларында осы ұйымдар жүр.

Семинарға облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, «Жарқыра» жобасының үйлестірушілері, мемлекеттік қызметшілер, «Еуразия Орталық Азия» қоры, үздік қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Мақсат – үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. Коммерциялық емес сектордың міндеттері мен проблемалары жөнінде «Атырау облысының азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Жанар Ілиясова баяндады. «Еуразия Орталық Азия» қоры жобасының үйлестірушісі Ирина Горбаченко үкіметтік емес секторды әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту жайын қозғады. Соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

Амандық Абдол

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз