Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

Әкесіне хат жазған бала елді елең еткізді (+ФОТО, ВИДЕО)

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Қордай ауданында жүрген полицей Жарасхан Ақбердиевтің балаларының әкесіне жазған хаты жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүлдіршіндердің хатын Жамбыл облысы полициясының баспасөз қызметі жарияланған.

Суреттер полиция департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жарасхан Ақбердиевтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған.

87839837 634893897055588 2428631910843416576 n
87288568 634869227058055 1790210023297646592 n

«Қымбатты әке, біз сені қатты сағындық. Сен қамқор және мейірімді әкесің. Бәріміз сені күтіп жүрміз», — деп жазған ұлы.

Полицейдің қызы да әкесін сағынып жүргенін жазған.

Жарасхан Ақбердиев басқа полицейлермен бірге 7 ақпаннан бері Қордай ауданында жүр.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданында жаппай тәртіпсіздік белең алып, салдарынан 10 адам қаза болды, 185 адам түрлі дене жарақатын алды. Масанчи ауылында 11 ақпанда үйінді астынан күйіп кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button