Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана сүріледі

190825201756702a3559536i Жаңалықтар

Atr.kz/26 тамыз, 2019 жыл. «Қазіргі таңда Атырауда 71 үй мен 12 жатақхана апаттық жағдайда тұр.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторы бұл нысандарды апаттық ғимараттар тізіміне қосқан. Олардың сүрілу реті мен тұрғындарға жаңа баспана беру тәртібі бекітілген», – деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталмыш мәселені тезірек шешу үшін «Нұрсая» және «Береке» шағын аудандарында құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы тұрғын үйлерге бірінші кезекте әлгі 12 жатақхананың тұрғындары қоныстанады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз